• Русский
  • Казахский

donor svetofor

  • Главная
  • Рудный, Қостанай, Лисаков қалаларындағы донор күндері Осы жылдағы соңғы шығулар! Донорлыққа қатысыңыздар! Мереке күндері де қан қажет!

Рудный, Қостанай, Лисаков қалаларындағы донор күндері Осы жылдағы соңғы шығулар! Донорлыққа қатысыңыздар! Мереке күндері де қан қажет!

Көшпелі іс-шараны:

23 желтоқсан күні: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4, «Облыстық балалар ауруханасы» КМК, 9.30-дан 13.00-ге дейін.

24 желтоқсан күні: Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 11-шағынаудан, 14, Аурухана қалашығы, «Лисаков қалалық ауруханасы» КМК, 9.00-ден 13.00-ге дейін.

25 желтоқсан күні: Қостанай қ., Кубеев к-сі, 2, «Қостанай онкологиялық көпсалалы ауруханасы» КМК, 9.00-ден 13.00-ге дейін.

26 желтоқсан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.

27 желтоқсан күні: Қостанай қ., Абай даңғ., 11, «ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы»РММ, 8.00-ден 13.00-ге дейін.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша (18.12.-20.12.2019ж.) донорлыққа қатысуға 73 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 47, донорлықтан босатылғандар саны - 26.

Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.

Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, қымбатты донорлар! Сізге және сіздің отбасыңызға ұзақ жылдар бойы денсаулық пен амандық тілейміз!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru