ҚАН ҚАЖЕТ!
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК бүгінгі күні Қостанай облысының стационарларында емделіп жатқан пациенттерге резус факторы теріс Rh (-) барлық топтың донорлық қаны қажет екендігін хабарлайды.
Барлық бей-жай қарай алмайтын ниет білдірушілер қан тапсыру үшін жеке куәліктерімен Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық қан орталығы» КМК-на (жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін) хабарласуын сұраймыз.
Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен қан орталығының сайтында танысуға болады: http://donor-kostanay.kz, бөлім/«ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті.
Сондай-ақ, донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес беріледі: (8-714-2)-266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122).
Әрбір дені сау адамның жасай алатын сыйлығы - ӨМІР!
8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)
8.00-17.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)
ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»
Қабылдау бөлмесі: 26-63-06
Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74