ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock1@yandex.ru, ock_kos@med.mail.kz

ҚАН ҚАЖЕТ!

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК бүгінгі күні Қостанай облысының стационарында емделіп жатқан пациентке Rh (-) резус факторы теріс I(O) бірінші топтың донорлық қаны қажет екендігін хабарлайды.

Сондай-ақ,резус факторы оң IV(АВ) төртінші және I(O) біріншітоптардың қандарына да қажеттіліктер бар.

Барлық бей-жай қарай алмайтын және донорлыққа қарсы көрсеткіштері жоқ ниет білдірушілер қан тапсыру үшін жеке куәліктерімен Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық қан орталығы» КМК-на (жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін) хабарласуын сұраймыз.

Донорларға қолайлы болу үшін көшпелі бригада жұмыс істейді:

17.09.2019 ж.,сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін: Қостанай ауданы, Затобол ауылы, Дорожник шағынауданы, Школьная к-сі, 62/2 үй, «Қостанай аудандық орталық аурухана» КМК;

Корпоративтік басқару

Корпоративтік басқару

«Біздің өнімдеріміз қауіпсіз және GMP талаптарына сәйкес болуы үшін барлығын жасаймыз. Біз донор болған әрбір адамның бізге қайтадан келгісі келгенін қалаймыз».

Қостанайдағы қан орталығы тұтынушыларының қажеттіліктерін қанағаттандырумен және тұтынушыларға қойылатын талаптарға үнемі сәйкестігін немесе одан асып кетуін қамтамасыз ету мақсатында өнімнің жоғары сапасын үздіксіз жақсартып отырумен қамтамасыз етеді.

Осы миссияға жету үшін біздің ұжымның күш-жігері:

- қан қызметінде заманауи технологиялар мен біздің білімімізді қолдану арқылы адам өмірін құтқаруға;

- трансфузиялық көмектің қауіпсіздігін, сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ҚР қан қызметінің бірыңғай стратегиясына қатысуға;

- Қостанай облысында өтеусіз донорлықты ұйымдастыруға белсенді қатысуға;

- қан мен оның компоненттерін халықаралық стандарттарға сәйкес дайындауға;

- облыстың медициналық ұйымдарын қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіз компоненттерімен барынша қамтамасыз етуге;

- бекітілген талаптарға сәйкес қан өнімдерінің сапасын бақылауға;

- қан қызметі мәселелері бойынша медициналық ұйымдарға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге;

- облыстың болашақ Қан қызметін қалыптастыру үшін инновацияларды пайдалануға және білімге ұмтылуға;

- біздің мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін жаңа мүмкіндіктерді іздеуге және іске асыруға бағытталған.

Стратегия.

Стратегия:

- ерікті өтеусіз қан донорлығына халықты барынша тартуға;

- инфекциялық қауіпсіз, жоғары сапалы қан компоненттерін өндіруге;

- инфекцияға донорлық қанның екі кезеңді автоматтандырылған скринингін жүргізуге,

- автоматтандырылған иммуногематологиялық зерттеулер, оның ішінде донор мен реципиенттің жеке үйлесімділігіне;

- мұздатылған эритроциттерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтуге;

- қанды дайындау және қайта өңдеудің аппараттық технологиялары, оның ішінде қан жасушаларының донорлығына;

- жаңа технологияларды одан әрі жетілдіруге және енгізуге;

- ҚР қан қызметінің бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізуге бағытталған.

Мақсат.

Шығарылатын өнімнің сапасын талап етілетін стандарттармен қамтамасыз ету, Қостанай облысының тұрғындарына трансфузиологиялық көмек көрсету үшін қан өнімдерінің инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету.

Міндеттер.

ОҚО-ның негізгі міндеттері:

- донорлық кадрларды жоспарлау және есепке алу, донорларды медициналық куәландыру, қанды зертханалық тестілеу,

- ҚР қан қызметі ұйымдарында шығарылатын міндетті номенклатураға сәйкес донорлық қанды дайындауды жүзеге асыру, одан компоненттерді дайындауды жүзеге асыру,

- донорлық плазмацитаферез жүргізу,  

- дайындалатын қан компоненттерінің жұқпалы және иммунологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

- лейкофильтрлеу, қан компоненттерін вирустазарту,

- донорлық плазманы карантиндеу,

- МҰ қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау көлемін жоспарлау,

- қан компоненттерін дайындау және құю кезінде денсаулық сақтау ұйымдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету, қан құюдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

- посттрансфузиялық асқыну жағдайларын зерттеу, олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу,

- қан қызметі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және трансфузиология мәселелері бойынша МҰ медициналық қызметкерлерін оқыту,

- халық арасында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында донорлықты насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу.

Біздің қан орталығы болашақта медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруда өндірістік трансфузиология, зертханалық диагностика саласында жетекші болып табылады.

Біз техникалық мүмкіндіктерімізді үздіксіз жақсартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға ұмтыламыз.

Бізді өзіміз жайлы пікірлер қызықтырады және тұтынушыларымыз үшін маңызды мәселелерді шешуге тырысамыз.

Біз осы саладағы көшбасшылық беделімізді облыстық және республикалық деңгейде бағалаймыз.

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru