ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock1@yandex.ru, ock_kos@med.mail.kz

МАҢЫЗДЫ!
ЖАҢА ҚЫЗМЕТ!
Құрметті донорлар!

Облыстық қан орталығының (ОҚО) басшылығы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында хабарлайды:

ОҚО қызметкерлерінің шақыруы бойынша плазмасы карантиндегі донорлардың бақылау зерттеулерінен (талдауларынан) өту үшін:

сіз үшін емшара кабинеті жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін тексерулерден, талдаулардан өту үшін қан тапсырғысы келетін пациенттердің назарына: сіз үшін емшара кабинеті бұрынғы режимде жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін жұмыс істейді.

Анықтама үшін байланыс телефондары жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін.

8-714-2-26-62-74 -донорлық бөлім;

8-714-2-21-09-69 бақылау зерттеулері, талдау мәселелері бойынша донорларға арналған карантиндеу залы;

8-714-2-26-63-06 – ОҚО қабылдау бөлмесі.

Сіздерді ОҚО-на шақырамыз! Біздің мекен-жайымыз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А. Күзетшіге жеке басты куәландыратын құжатты көрсете отырып, орталық кіреберіс арқылы өтесіз!

Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы

Қан мен оның компоненттері донорлығынан шеттетудің тұрақты өлшемдері

№ р/с

Атаулары

1.

Инфекциялық аурулар: В және С гепатиттері, АИТВ инфекциясы, мерез, туберкулез (барлық нысандар), туляремия, бөртпесүзек, лепра, В және С вирустық гепатиттері, АИТВ, мерез маркерлеріне зерттеудің оң нәтижелері

2.

Инъекциялық есірткілерді тұтыну

3.

Паразиттық аурулар: эхинококкоз, токсоплазмоз, трипаносомоз, филяриатоз, ришта, лейшманиоз.

4.

Жіті трансфузиялық кеуекті энцефалопатиялар (бұдан әрі - ЖТКЭ): Куру, Крейтцфельд-Якоба ауруы, Гертсманн-Штреуслер синдромы, отбасылық анамнезде ЖТКЭ барлығы, амиотрофикалық лейкоспонгиоз

5.

Анамнезінде адам гипофизі, өсу гормондары препараттарымен емделгені туралы ақпараттың болуы

6.

Жүрек–қан-тамыры аурулары: II-III деңгейдегі гипертензиялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз; атеросклеротикалық кардиосклероз; облитерациялайтын эндартерит, ерекше емес аортоартрит, қайталанба тромбофлебит, эндокордиттер, миокардиттер, жүрек кемістігі (туқым қуалаған және жүре пайда болған)

7.

Декомпенсация кезеңінде тыныстық жетіспеушілік белгілері бар тыныс алу мүшелерінің аурулары

8.

Бауырдың созылмалы аурулары гепатиттер, соның ішінде уыттық анықсыз этиологияда, бауыр циррозы

9.

Бүйрек және зәр жүру жолдарының декомпенсация кезеңіндегі аурулары

10.

Функция мен зат алмасуының қайтымсыз бұзылуы кезіндегі эндокринді жүйе ауруы, қант диабеті (инсулинге тәуелді нысаны)

11.

Орталық нерв жүйесінің органикалық аурулары

12.

Дәнекер тіннің диффузиялық аурулары

13.

Сәулелік ауру

14.

Көру мүшелерінің аурулары: толық соқырлық

15.

Тері аурулары: генерализацияланған псориаз, витилиго, терең микоздар

16.

Отоларингологиялық мүшелерінің аурулары: озена, күрделі ағындағы созылмалы іріңдеу-қабыну аурулары

17.

Қатерлі ісіктер және қан аурулары

18.

Қол-аяғының біреуінің алынуымен, паренхиматозды және/немесе қуыс ағза немесе мүше (бауыр, бүйрек, өкпе, асқазан) бөлігін алумен жүргізілген операциялар

19.

Созылмалы және жіті остеомелит

20.

Ағзаларды трансплантаттау

21.

Есту мен сөйлеуден толық айрылу

22.

Анемнездегі анафилаксия расталған тұлғалар

23.

Бір ағзадан артық зақымдалған аутоиммундық аурулар

24.

Белгіленген генетикалық аурулар

25.

Тұқым қуалаған және туа біткен, оның ішінде қан өндірім және иммундық жүйелерінің патологиялары

26.

Психикалық аурулар және мінез-құлық бұзушылықтары

27.

Онкологиялық,оның ішінде ремиссия сатысындағы аурулар

28.

Жүктілік кезіңде цитостатикалық және тератогендік заттарды пайдалану

29.

Нашақорлық, токсикомания, анамнездегі маскүнемдік

30.

Соңғы 12 айдың ішінде қанды және оның компоненттерін құю, операциялық араласулар (оның ішінде жасанды түсік)

31.

Босануға дейінгі 12 ай ішінде ине арқылы емделу, пирсинг немесе татуировка жасату

32.

Донорлықтан тұрақты шеттету

33.

Өлі туылғандық

34.

Ананың бас тартуы

35.

Жүкті әйелдердің жүктіліктің екінші кезеңіндегі анемия

36.

Жүктілік бойы жүктілікті аяғына дейін көтермеу қауіпі

37.

Гестация мерзімі жүктіліктің 38 аптасынан аз және 40 аптадан көп

38.

Плацента жетілуінің екінші деңгейі

39.

Ананың анамнезінде жүктіліктің бірінші жартысында ерекше емес инфекциялық ауруының бар болуы

40.

Ананың жасы 40 жастан артық

41.

Үшінші және одан артық босануы

42.

Көп ұрықты жүктілік

43.

Сусыз мерзімінің ұзақтығы 4 сағаттан артық

44.

Кесарь операциясы

45

Тәуекел нысандағы мінез-құлықтың дәлелденген фактілері – сексуалдық қызметтер көрсету, ретсіз жыныстық қатынасқа түсу

 

Ескертпе:

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23 тармақтарында көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері аутологиялық донорлар және перифериялық қанның гемопоэздік дің жасушаларының донорлары үшін пайдаланылмайды, оларды донацияға жіберу туралы құжатталған шешімді реципиенттің (аутодонор) емдеуші дәрігері қабылдайды.

1, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтарында көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері плаценталық қанның гемопоэздік дің жасушалары донорлары үшін пайдаланылады.

жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктеріне байланысты 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарда көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері бала туатын әйелге және сәбилерге медициналық көмек көрсету жөніндегі акушериялық гинекологиялық персоналдың жұмысын оңтайландыруға бағытталған және плаценталық қанның гемопоэздік дің жасушалары донациясында қажеттілігі кезінде есепке алынбайды.




 




Қан мен оның компоненттерін

донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау

қағидаларына 4-қосымша

Қан және оның компоненттері донорлығынан уақытша шеттету өлшемдері

 

№ р/с

Атауы

Уақытша шеттеудің аралығы

 

1. Гемотранмиссиялық инфекцияларды жұқтыру факторлары:

1.

Қан мен оның компоненттерінің трансфузиясы (күйік реконвалесценттер және резус факторға иммундалған тұлғаларды қоспағанда)

12 ай

2.

Операциялық араласулар, оның ішінде түсіктер, аппендэктомия, холецистэктомия, репродуктивтік жүйе мүшелері және амблуториялық хирургия

4 ай

3.

Аллогендік қанның сілімейлі қабаққа түсуі немесе инъекциялық инемен укол алғандар

4 ай

4.

Аллогендік дің жасушаларын енгізу

4 ай

5.

Мөлдірқабықты, мидың қатты қабатын ауыстыру

4 ай

6.

Акупунктура, татуировка және пирсинг

4 ай

7.

В және С гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады)

6 ай

8.

А гепатитін жұқтырғандармен тұрмыстық байланыста болғандар (донор сөздерінен анықталады)

35 күн

9.

Қан құю жолымен таралатын аурулар бойынша эндемикалық болып табылатын, тропикалық және субтропикалық климаттық елдерде (Азия, Африка, Оңтүстік және Орталық Америка) 4 айдан астам уақыт болғандар

безгекке тестілеу нәтижесі теріс

болғанда донациялауға қатыстыру 4 айдан кейін

10.

Тіс экстракциясы

Асқынулар жоқ болса – 10 күн, (кездейсоқ бактериемия тәуекелі

салдарынан) күрделі асқынулар жоқ болғанда

11.

Тәуекел нысандағы мінез-құлықтың дәлелденбеген фактілері - сексуалдық қызметтер көрсету, ретсіз жыныс қатынастарына түсу 4

4 ай

12

ВГВ, ВГС, мерез, АИТВ маркерлерінің болуына расталмаған бастапқы

оң нәтижелері жағдайында донорды уақытша шеттету кезеңі

Кейіннен бақылау тексерумен 6 ай

13

АлАТ жоғары белсенділігін байқаған жағдайда донорды уақытта шеттету кезеңі

Кейіннен бақылау тексерумен 1 ай

14

Жалпы клиникалық зертханалық тексеру нәтижелерінің ауытқуы жағдайда донорды уақытша шеттету кезеңі

Кейіннен бақылау тексерумен 1 ай

 

2. Ауырған аурулар және вакцинациялар

15.

Безгек

Клиникалық және зертханалық

толық сауығу сәтінен бастап 4 ай

16.

Сарып (зерттеудің зертханалық әдістерімен расталған)

Клиникалық және зертханалық

толық сауығу сәтінен бастап 2 жыл

17.

Ішсүзек

Айқын функционалдық бұзылулар

болмаса, клиникалық және

зертханалық толық сауығу

сәтінен бастап 1 жыл

18.

Ангина

Сауығу кезінен бастап 1 ай

19.

Тұмау, жіті респираторлық вирустық инфекция

Сауығып, өзін-өзі қанағаттанарлық сезінгенде 2 апта

20.

Тұрақты шектеулер өлшемдеріне жатпайтын инфекциялық аурулар

Жазылғаннан бастап 6 ай

21.

Орналасуына қарамастан шиеленісу кезеңіндегі жіті және созылмалы аурулар

Жазылғаннан бастап немесе

жедел уақыты өткеннен соң 1 ай

22.

Жіті гломерулонефрит

Расталған толық жазылудан

кейін 5 жыл

23.

Шиеленісу фазасындағы аллергиялық аурулар

Шиеленісу мерзімі басылғаннан

кейін 2 ай

24.

Вегеттық-тамырлық дистония

Емделуден кейін 1ай

25.

Q-қызбасы

Толық клиникалык жазылғаннан

соң 2 жыл

26.

Жүктілік, туу және бала емізу кезеңі

Босанғаннан соң 1 жыл

27.

Өлтірілген вакцинамен (В гепатиті, көк жөтел, паратифтер , тұмау, анатоксиндер, сіреспе, дифтерия және тағы да басқалары) егу алғандар

2 апта

28.

Тірі вакцинамен (сарып, оба, туляремия,туберкулез, қызылша, эпидемиялық паротит, ішсүзекке қарсы тірі бәсендетілген вакцина, сіріспеге қарсы тірі бәсендетілген вакцина, полиомиелит және тағы басқалары)

егу алғандар

4 апта

29.

Құтыршақ ауруына, кене энцефалитіне қарсы вакцина.

Жұқтыру көзімен байланысқа

түскеннен кейін 1 жыл

30.

Манту реакциясы (егілген орынының айқын қабыну белгілері болмағанда)

2 апта

 

3. Көңіл-күйі себебінен және өзге де факторлар бойынша терапевттің шеттеуі

31.

Ішімдікті қабылдау

48 сағат

32.

Антибиотикті қабылдау

Қабылдап болғаннан соң 2 апта

33.

Анальгетиктер, салицилаттарды қабылдау

Қабылдап болғаннан соң 3 күн

34.

Тамыр соғуының жиілігі минутына 50-ден кем және 100-ден артық соққы, аритмия

48 сағат

35.

Систоликалық қысымы сынап бағанының (бұдан әрі – сын. бағ.мм) 180 миллиметрінен артық немесе сын. бағ. 100 мм кем

48 сағат

36.

Диастоликалық қысымы сын. бағ. 100 мм. артық немесе бағ.сын. 60 мм кем

48 сағат

37.

Дене қызуы 380С артық

2 апта

38.

Қанды тапсыру алдында түнгі ауысымдағы жұмыс.

24 сағат

 

4. Эпидемиялық жағдайда донорлықтан шеттеу

39.

Эпидемиологиялық жағдайлар (мысалы, аурулардың өршіп көбейген жағдайлары)

Денсаулық сақтау саласындағы

уәкілетті орган анықтайтын

эпидемиологиялық жағдайға

байланысты шеттету

Ескертпе:

Донорларда осы тізімге кірмей қалған аурулардың белгілері болса, онда донорлыққа медициналық зерттеп-қарауды жүргізген дәрігердің шешімімен, қажет болса, тиісті бейінді маманның кеңесінен кейін қан тапсыруға ж

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru