ҚАН ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН ДАЙЫНДАУ БӨЛІМІ
Байланыстелефондары: 8-714-2-53-77-54;
8-714-2-26-63-06 (қосымша 139; 140;141);
8-714-2-26-63-67-экспедиция
е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її., Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.
Бөлім меңгерушісі: Дюсебаев Т.К.
Аға медбике: Чухарова Л.В.
Трансфузиолог-дәрігер: Альдикешева Н.Б.
Трансфузиолог-дәрігер: Богданов Н.И.
Трансфузиолог-дәрігер: Мороз Т.Б.
Трансфузиолог-дәрігер: Абишева Р.С.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- стационарлық және көшпелі жағдайларда қанды дайындау;
- плазма мен қан жасушаларын аппараттық әдістермен дайындау;
- облыстың медициналық ұйымдарының өтінімдері бойынша қан компоненттерін өндіру;
- Қазақстан Республикасында рұқсат етілген әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы қан компоненттерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
- қанды дайындау мен қайта өңдеудің барлық кезеңдерін «Инфодонор» жүйесіне тіркеу;
- дайындалған қанды, қан компоненттерін, зертханалық қан үлгілерін тиісті ілеспе құжаттамасымен ОҚО бөлімшелеріне тапсыру;
- қан және оның компоненттерін донациялауда қиындықтар туындаған кезде донорларға жедел медициналық жәрдем көрсету;
- барлық кезеңдерде «суық тізбек» жағдайын сақтай отырып дайындалған қан және оның компоненттерін уақытша сақтау, тасымалдау;
- қан компоненттерінің (лейкофильтрлеу, вирусинактивациялау) иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- эритроциттерді криоконсервілеу;
- бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу;
- медициналық ұйымдарды үздіксіз қамтамасыз ету үшін қан компоненттерінің жеткілікті мөлшердегі қорын ұстап тұру.