ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz, Ock1@yandex.kz

Халықаралық «РАХМЕТ» күні

2021 жылғы 11 қаңтар күні сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК-да Халықаралық «Рахмет» күнін мерекелеу қарсаңында барлық санитарлық және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып, «Өмір сыйлаушы донорға - рахмет!» акциясы өткізіледі.

Бұл күні ерікті өтеусіз негізде қан тапсырған барлық донорларға демеушіден кәдесыйлар таратылатын болады.

Бұл күн қазіргі әлемде сыпайы болу өте маңызды екенін бүкіл адамзатқа еске салуды шешкен Біріккен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның бастамасымен бекітілді.

Донорлық өмір сүру нормасы болуы тиіс. Және біз сізбен бір-бірімізге көмектесіп, еш қымсынбай көмек сұрап, көмек көрсете білсек, жер бетіндегі бақытты адамдар саны әлдеқайда көп болар еді. Біз барлығымыз біріксек, қан және оның компоненттеріне мұқтаж адамдарға көмектесе аламыз.

Қан орталығының директорының және қызметкерлерінің, облыстың медициналық қызметкерлерінің, пациенттердің атынан осы бір қиын, бірақ өте маңызды жұмысқа көмектесетіндердің барлығына «РАХМЕТ» айтамыз.

Таңертең ерте тұрып, ауруханаларға және қан орталығына келіп, «донордың көшпелі күндеріне» қатысып, өз кезегіңізді шыдамдылықпен күтетініңіз үшін Сізге рахмет.

Сізге, денсаулығыңызды қадағалайтыныңыз үшін рахмет, сіздің жомарттығыңыз, жауапкершілігіңіз үшін, Сіз өзіңіздің бір бөлігіңізді – өз қаныңызды мүлдем танымайтын адамға тегін бергеніңіз үшін, білмейтін адамдарға деген сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru