ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫ
Директоры: Иосипенко Елена Степановна
Шаруашылық бөлім бойынша директордың орынбасары: Кошевой Николай Николаевич

Бөлімнің негізгі міндеттері:
- ОҚО жылумен, ыстық және салқын сумен жабдықтаумен, кәрізбен, электр энергиясымен, лифт жұмысымен, телефондандыру құралдарымен, ауаны салқындатқышпен, тоңазытқыш жұмыстарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін ғимараттарын, үй-жайлары мен жабдықтарын техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру және басқару;
- ғимараттар мен технологиялық жабдықтарға жөндеу жұмысын жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
- ОҚО бөлімдерін жиһазбен, шаруашылық, жұмсақ құрал-саймандармен жабдықтау;
- көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, соның ішінде, қанды дайындау бойынша көшпелі сессияны;
- қан орталығын тәулік бойы қорғауды қамтамасыз ету;
- ОҚО қызметкерлерінің жұмыс орындарында санитариялық-эпидемияға қарсы режимді, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын бақылау.