ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а. Электрондық пошта мекенжайы: ock1@yandex.ru

1. ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫ

Директоры: Иосипенко Елена Степановна

Шаруашылық бөлім бойынша директордың орынбасары: Кошевой Николай Николаевич

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- ОҚО жылумен, ыстық және салқын сумен жабдықтаумен, кәрізбен, электр энергиясымен, лифт жұмысымен, телефондандыру құралдарымен, ауаны салқындатқышпен, тоңазытқыш жұмыстарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшін ғимараттарын, үй-жайлары мен жабдықтарын техникалық қызмет көрсету бойынша ұйымдастыру және басқару;

- ғимараттар мен технологиялық жабдықтарға жөндеу жұмысын жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;

- ОҚО бөлімдерін жиһазбен, шаруашылық, жұмсақ құрал-саймандармен жабдықтау;

- көлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, соның ішінде, қанды дайындау бойынша көшпелі сессияны;

- қан орталығын тәулік бойы қорғауды қамтамасыз ету;

- ОҚО қызметкерлерінің жұмыс орындарында санитариялық-эпидемияға қарсы режимді, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын бақылау.

2. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМ

Бөлім меңгерушісі: Елисеева Марина Александровна

Қызметтік телефон: 8-714-2-26-63-06; ішкі -130

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бөлімнің негізгі міндеттері

- ОҚО қызметінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

- ОҚО қызметі туралы статистикалық есептерді және есеп беруді жүргізуді ұйымдастыру:

- ОҚО бөлімдерінің қызметін жоспарлауға қатысу;

- бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстың медициналық ұйымдарының трансфузиология кабинеттерінің қызметкерлеріне консультативтік-әдістемелік көмек көрсету;

- талдау жасау және медициналық ұйымдардың препараттарға және қан компоненттеріне, диагностикалық стандарттарға қажеттілігін жоспарлауды жүзеге асыру;

- облыстың медициналық ұйымдарын (мұнда және бұдан әрі - МҰ) қан қызметі мен донорлық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік актілеріндегі енгізілген өзгерістер туралы уақтылы ақпараттандыру.

3. ДОНОРЛАРДЫ ЖИНАҚТАУ БӨЛІМІ

Бөлім меңгерушісі: Макатова Рауза Шайкеновна

Қызметтік телефон: 8-714-2-26-62-74

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- қан доноры мен қан компоненттерін жинақтау;

- донорларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық куәландыру;

донорларға қан және оның компоненттерін донациялау кезінде туындаған асқынуларға алғашқы медициналық көмек көрсету;

- донорлыққа қарсы көрсетімі бар тұлғалардың БДАО деректер базасын (Бірыңғай донорлық ақпараттық орталық) қалыптастыру;

- облыстағы жаппай ерікті қан және оның компоненттерін тапсыруды дамыту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын енгізу, тұрақты ақысыз донорлар контингентін қалыптастыру;

- кәсіпорындарда, облыс ұйымдарында қанды дайындау көшпелі сессияларын ұйымдастыру;

- ТМККБК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберінде облыстың МҰ-ның қан компоненттері мен препараттарын сатып алуға берген жоспарлы және шұғыл өтінімдерін орындау;

- бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу.

4. ҚАН ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН ДАЙЫНДАУ БӨЛІМІ

Бөлім меңгерушісі: Дюсебаев Тасбулат Кенжебекович

Қызметтік телефон: 8-714-2-26-63-06; ішкі 139

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- стационарлық және көшпелі жағдайларда қанды дайындау;

- плазма мен қан жасушаларын аппараттық әдістермен дайындау;

- облыстың медициналық ұйымдарының өтінімдері бойынша қан компоненттерін өндіру;

- Қазақстан Республикасында рұқсат етілген әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы қан компоненттерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;

- қанды дайындау мен қайта өңдеудің барлық кезеңдерін «Инфодонор» жүйесіне тіркеу;

- дайындалған қанды, қан компоненттерін, зертханалық қан үлгілерін тиісті ілеспе құжаттамасымен ОҚО бөлімшелеріне тапсыру;

- қан және оның компоненттерін донациялауда асқынулар туындаған кезде донорларға жедел медициналық жәрдем көрсету;

- барлық кезеңдерде «суық тізбек» жағдайын сақтай отырып дайындалған қан және оның компоненттерін уақытша сақтау, тасымалдау;

- қан компоненттерінің (лейкофильтрлеу, вирусинактивациялау) иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- эритроциттерді криоконсервілеу;

- бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу.

5. ҚАНҒА ТЕСТ ӨТКІЗУ БӨЛІМІ

Бөлім меңгерушісі: Кормщикова Татьяна Яковлевна

Қызметтік телефон: 8-714-2-26-63-06; ішкі 142

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- қазіргі заманғы автоматтандырылған құрал-жабдықтарды пайдалана отырып донорлардың қанына иммуногематологиялық, биохимиялық және клиникалық зерттеулер жүргізу;

- облыс МҰ үшін қан донорлары мен реципиенттеріне жеке іріктеу жүргізу, күрделі қан топтарына диагностика жасау, АВО жүйесі, Резус, Kell антигендері бойынша донорлық үлгілер эритроциттерін типтеу;

- донор қан сарысуының үлгілерінде аллоиммундық антиэритроциттік антиденелердің болуын зерттеу;

- иммуногематологиялық стандарттарды (стандартты эритроциттер) өндіру;

- зертханалық зерттеулердің ішкі сапасын бақылауды өткізу;

- RIQAS сапа жүйесінің сыртқы бағалауына қатысу;

- бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу.

6. САПАНЫ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІ

Бөлім меңгерушісінің м.а.: Нурканова Альмира Аскеровна

Қызметтік телефон: 8-714-2-26-63-06; ішкі 119

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- донорлық қанды дайындау және қайта өңдеудің барлық кезеңдерінде қан өнімдері сапасын бақылауды, сақтауды, беру және дайын өнімді тасымалдауды Қазақстан Республикасының қан қызметі және донорлық мәселелері бойынша нормативтік құжаттаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыру, сапаны бақылау жүйесінің мониторингін және аудитін жүргізу;

- зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету;

- өндіріс ішіндегі ақаулардың себептеріне талдау жасау;

- негізгі қан өнімдерін өндіруге арналған шикізат, материалдар, реагенттер, жиынтықтаушы бұйымдардың нормативтік талаптарға сәйкестігіне кіріс бақылауын жүргізу;

- жұмыс орындары мен өндірістік үй-жайлардың санитарлық жағдайына бақылау жасау;

- RIQAS сапа жүйесінің сыртқы бағалауына қатысу;

- бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу.

7. (ЖИТС, ГЕПАТИТ, МЕРЕЗ) ИНФЕКЦИЯСЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЗЕРТХАНАСЫ

Зертхана меңгерушісі: Егорова Галина Николаевна

Қызметтік телефон: 8-714-2-53-79-97

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Зертхананың негізгі міндеттері:

- донорлық қан үлгілеріне АИТВ-инфекциясына, В және С вирусты гепатиттеріне, мерезге жабық типті автоматты анализаторларда екі кезеңді зертханалық скрининг өткізу;

- донорлық қан сарысуының үлгілерін мұрағаттау;

- АИТВ 1,2, В және С гепатиттері, мерезге сарысулардың стандартты панельдерін пайдалана отырып ішкі зертханалық бақылау өткізу;

- ұлттық және халықаралық референсті зертханалар жүргізетін зертханалық зерттеулердің сыртқы сапасын бағалауға қатысу;

- бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу.

8. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМШЕСІ

Бөлімше тәлімгері: Дюсебаев Тасбулат Кенжебекович

Қызметтік телефон: 8-714-2-26-63-06; ішкі 139

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Бөлімшенің негізгі міндеттері:

- ОҚО құрылымдық бөлімшелерін стерильді материалдармен, тазартылған (дистилденген) сумен қамтамасыз ету;

- медициналық қалдықтарды орталықтандырылған жинау және жоюды жүзеге асыру;

- бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу.

ОҚО-НЫҢ ЖАБДЫҚТАЛУЫ

«Облыстық қан орталығы» КМК («ОҚО» КМК) өндірісте, зертханалық диагностика мен қан өнімдері сапасын бақылауда қолданылатын заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. ОҚО-да барлығы 300 бірлік арнайы құрал-жабдықтар бар, соның ішінде 90-нан астам бірлік қан өнімдерін сақтауға арналған.

«ОҚО» КМК-да ыңғайлы жағдайлар жасалған, донорлар үшін тартымды орта және WI-FI аймақтары бар. Донация процедурасын жүргізу үшін MD-4000, MobileDesigns (АҚШ) реттелетін функциялары бар донорлық креслолары перифериялық вена пункциясында медицина қызметкерлерінің жұмысына оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді және донация процесін бақылау үшін қолданылады және донор үшін өте ыңғайлы.

Қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінде реципиент, сондай-ақ донор үшін жинақталған қан компонентінің жоғары сапалылығын, абсолюттік стерилділігін, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Haemonetics « PCS -2», «MCS+» (АҚШ) аппараттарын қолдану арқылы плазма және тромбоциттерді дайындау процестерін автоматтандыру енгізілген. Эритроциттерді ұзақ мерзім сақтау үшін сұрапыл апат және төтенше жағдайларда сирек кездесетін қан топтары эритроциттерінің қорын құрудың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Haemonetics «ACP-215» (АҚШ) аппаратында -86 С градус температурадағы олардың криоконсервіленуі пайдаланылады.

Қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында жаңа технологиялар енгізілген:

- қол жұмысы болмағандықтан, еңбек өнімділігін арттыратын және қателіктердің қаупін төмендететін TERUMO «T-ACE II» (Бельгия) автоматты экстракторларын пайдалана отырып қан компоненттерін алу;

- «Intercept» CERUS (АҚШ, Еуропа) және «MIRASOL» (АҚШ) маркасының плазмасындағы және тромбоциттеріндегі қоздырғыштарды инактивациялау жүйесі арқылы қан компоненттерінің вирусын тазарту - бұл реципиенттер үшін қан компоненттері қауіпсіздігінің жаңа деңгейі; бұл жүйе вирустар мен бактерияларды әсерсіздендіруге арналған;

- қан және оның компонентін лейкофильтрлеу.

Инфекцияларды диагностикалау зертханаларында қан арқылы берілетін инфекциялардың (B, С гепатиттері, АИТВ, мерез) донорлық қан үлгілерін инфекцияларға екі сатылы тексеруді қамтамасыз ететін «Architect i2000SR», АҚШ (ИХЛТ әдісі) және «Cobas 201», Швейцария (ПТР әдісі) автоматтандырылған анализаторлары орнатылған. Барлық зерттеулер талдау процесіне адамның араласуын және қателік қатерін болдырмайтын анализатор сапасының ішкі жүйесімен қатаң бақыланатын автоматты түрде жабық режимде жүргізіледі.

Қанға тест өткізу бөлімшесінде келесі анализаторлар орнатылған:

- «Swing&Saxo», Bio-Rad (Франция) және «Twin Station», Techno Diamed (Швейцария) екі автоматты иммуногематологиялық анализаторы донорлық қанның скринингінде қазіргі замандық зертханаға кездесетін қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін қан және оның компонентін жеке таңдау үшін қажетті зерттеулерді жүргізуге арналған. Бұдан басқа, гематологиялық және биохимиялық автоматты анализаторлар орнатылған.

Сапаны бақылау бөлімінде қан компоненттерінің сапасы әртүрлі көрсеткіштер бойынша зерттеледі: қазіргі заманғы автоматты және жартылай автоматты анализаторларды қолдану арқылы биохимиялық, гематологиялық, коагулометриялық. Лейкоредуцияланған қан компоненттеріндегі қалдық лейкоциттерді зерттеу жоғары технологиялық жабдық - «FacsCanto» BD (Бельгия) ағымдық цитометрімен жүзеге асырылады.

«ОҚО» КМК-де жаңа мұздатылған плазманы карантиндеу қамтамасыз етілген - бұл плазманы 4 айға алдын-ала сақтау арқылы инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосымша әдісі. Сақтау кезінде қан өнімдерінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін қан компоненттерін сақтаудың температуралық режимін мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесі бар арнайы тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтар бар.

Өндірістік процестің барлық кезеңдерінде қан және оның компоненттерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қан қызметі бойынша міндетті болып табылатын «Инфодонор» ақпараттық жүйесі енгізілген. Ол үлкен көлемдегі ақпаратты басқаруға және сақтауға мүмкіндік береді:

- донорлар, донациялар және Қазақстан Республикасында донорлыққа қарсы көрсеткіштері бар тұлғалар туралы;

- дайындалған және облыстың МҰ-на науқастарға құю үшін жіберілген қан өнімдері туралы;

- басқа қан орталықтарымен ақпарат алмасуды жүзеге асырады.

Автоматтандырылған микробағдарламалық басқаруымен «Гидроклав Н-07» Лизоформ (Канада) медициналық қалдықтарды зарарсыздандыруға арналған қазіргі заманғы жабдықтар жұмыс істейді. Көшпелі жағдайда қанды дайындау заманауи мамандандырылған автокөлікте (2 бірлік) жүргізіледі.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-17.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru