ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz, Ock1@yandex.kz

ДОНОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Облыстық қан орталығының қызметкерлері шақырған (телефон және SMS арқылы) донорлардың бақылау тексерістері жұмыс күндері сағат 8.00-ден16.30-ға дейін жүргізіледі.

Попередження

JUser::_load: неможливо завантажити користувача з id: 481

Иосипенко Елена Степановна

Иосипенко Елена Степановна – «Облыстық қан орталығы» КМК директоры

Қостанай облысында дүниеге келді.
1984 жылы Қарағанды медициналық институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтап шықты.
1985 жылы Қостанай облыстық ауруханасының базасында тағылымдамадан өтіп, қазіргі кезде жұмыс істейтін облыстық қан құю станциясына жұмысқа жіберілді.
1985 жылы дәрігер болып, бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2001 жылдан бастап – медициналық бөлім бойынша директордың орынбасары, 2003 жылғы қазан айынан бастап «Облыстық қан орталығы» КМК директоры.
Кәсіби дайындық деңгейі жоғары. Клиникалық трансфузиология мәселелері бойынша Мәскеу, Алматы, Астана қалаларының біліктілікті арттыру ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында бірнеше рет білім алды. Алматы қаласындағы қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.
Ол, Қазақстан Республикасының қан қызметіндегі өндірістік инновацияларды енгізуге арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ISBT Трансфузиологтардың Дүниежүзілік конгресіне қатысты; облыстың дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері үшін халыққа трансфузиологиялық көмек көрсету бойынша «Облыстық қан орталығы» КМК базасында мастер-кластар ұйымдастырды және өткізді. Ол қан орталығының жұмысына жаңа технологиялар мен заманауи медициналық жабдықтарды енгізу үшін алған білімін белсенді пайдаланады.
Ұзақ уақыт бойы Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас маманы, аймақтық үйлестіруші-трансфузиолог болып табылады, трансфузиология мәселелері бойынша медициналық ұйымдардың мамандарына әдістемелік көмек көрсетеді.
2010 жылы Қостанай қаласында түбегейлі түрде жаңа деңгейде технологиялық процестерді жүргізуге мүмкіндік беретін, ең заманауи жабдықтармен жаңа қан орталығы пайдалануға берілді, соның арқасында Қостанай орталығы Қазақстан Республикасы бойынша қан қызметі саласында жетекші орынға ие. Процестің басынан, жобалық - сметалық құжаттаманы бекіту сәтінен бастап және содан кейін де, құрылыс және жабдықтарды сатып алу кезінде, Елена Степановна функционалдық блоктар мен ғимараттардың, жаңа жабдықты жеткізу және орнату құрылымын өзгертуге табандылық пен бірбеткейлік көрсетті.
«Трансфузиология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар, «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі көпжылдық адал еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының халқына медициналық көмек көрсету ісіне қосқан жеке үлесі үшін марапатталды:
- Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының; облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» РМК-ның, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің грамотасымен;
- «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен.
Иосипенко Елена Степановнаның есімі «Қазақстанның үздік адамдары» энциклопедиясына, «Үздік адамдар. Украина, Ресей, Қазақстан» үлкен халықаралық энциклопедияға; «Окрыленные женщины Казахстана» - «Қазақстанның қанатты әйелдері-20» Құрмет кітабына енгізілді.
Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі – 33 жыл.

Түйінді құзыреттер:
- Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тікелей бағынады;
- денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін басқарады;
- саясатты, ұйым қызметінің стратегиясын және оны жүзеге асыру механизмін айқындайды;
- қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және оларды мемлекеттік стандарттарға сәйкестендіруге бағытталған қызметкерлердің жұмыс істеуінің ұйымдық жаңа формалары мен әдістерін енгізумен және жетілдірумен қамтамасыз етеді;
- ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара әрекеттесуін, олардың әрекеттерін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттаумен қамтамасыз етеді;
- білікті кадрларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін және тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын құру, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;
- ұйым қызметінің талдауы мен жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша қажетті шараларды қабылдайды;
- облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарын (ЕПҰ) қан және оның компоненттерімен, препараттармен номенклатураға сәйкес қамтамасыз етеді;
- қан қызметінің мәселелері бойынша облыстың ЕПҰ-на әдістемелік, консультативтік және тәжірибелік көмек көрсетеді.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru