Попередження

JUser::_load: неможливо завантажити користувача з id: 480

Print this page

Қанға тест өткізу бөлімі

ҚАНҒА ТЕСТ ӨТКІЗУ БӨЛІМІ

Байланыс телефоны: 8-714-2-26-63-06 (қосымша 135; 136; 142)

е-mail: Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її., Ця електронна адреса захищена від спам-ботів. Вам потрібно увімкнути JavaScript, щоб побачити її.

Жалпы басшылық: Нурканова А.А.

Аға зертханашы: Диханова Д.Ж.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- қазіргі заманғы автоматтандырылған құрал-жабдықтарды пайдалана отырып донорлардың қанына иммуногематологиялық, биохимиялық және клиникалық зерттеулер жүргізу;

- облыс МҰ үшін қан донорлары мен реципиенттеріне жеке іріктеу жүргізу, күрделі қан топтарына диагностика жасау, АВО жүйесі, Резус, Kell антигендері бойынша донорлық үлгілер эритроциттерін типтеу;

- донор қан сарысуының үлгілерінде аллоиммундық антиэритроциттік антиденелердің болуын зерттеу;

- иммуногематологиялық стандарттарды (стандартты эритроциттер) өндіру;

- зертханалық зерттеулердің ішкі сапасына бақылау жүргізу;

- RIQAS сапа жүйесінің сыртқы бағалауына қатысу;

-бекітілген есеп беру-есепке алу құжаттамасын электрондық түрде немесе қағаз тасымалдағышта жүргізу.