ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz
  • Главная
  • Ақпараттар
  • Жаңалықтар
  • ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері донор болды

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері донор болды

Бүгін, яғни 2022 жылғы 13 қаңтар күні ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Қостанай станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері донорлық қанға мұқтаж жандар үшін өз еркімен қан тапсырды. Аталған іс-шараға Қостанай станциясындағы ЖПБ бастығы полиция полковнигі Омарбеков Галым Жумашевич және Қостанай станциясындағы ЖПБ жеке құрамы қатысты.

Қан тапсырмас бұрын полиция қызметкерлері қажетті құжаттарды толтырып, дәрігерлердің тексеруінен өтіп, қан қысымын өлшеді. Барлық қажетті процедуралардан өткеннен кейін олар 450 мл қан тапсырды.

«Адамдарға көмектесу - біздің міндетіміз, біздің полицейлер алғашқы рет қан доноры болып тұрған жоқ, олардың көпшілігі үшін бұл жақсы дәстүрге айналған. Қызметкерлер тапсырған қан міндетті түрде донорлық қанға мұқтаж адамдарға көмектеседі деп үміттенеміз» - деп атап өтті полиция полковнигі Галым Жумашевич.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері де көрсеткен көмектері үшін полицейлерге алғыс білдіріп, осындай іс-шаралар қан құюға аса мұқтаж болып отырған пациенттердің өмірін сақтап қалуға көмектесетінін айтты.

Сондай-ақ, 12, 13-қаңтар күндері біздің көшпелі бригадамыз Қарасу орталық аудандық ауруханасында жұмыс істеді. Облыстық қан орталығының басшылығы Қарасу АА бас дәрігеріне донорларды шақыру және қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді! Қарасу ауданының 50-ден астам тұрғыны өз қанымен бөлісті!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru