ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz, Ock1@yandex.kz

Біздің сүйкімді және күлімсіреген әңгімелесушіміз - Искаков Мәди Болатұлы, Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері. Жас болғанына қарамастан, бүгінде ол 5-ші рет тромбоциттер доноры болды, ал оның есебінде – 8-ші донация бар.

Облыстық қан орталығы донорлық бөлімінің мәліметтері бойынша, Мәди Болатұлы ең қайырымды және ұқыпты донорлардың бірі, ол бірінші шақыртудан ақ келеді және қашанда ең оңай емес донацияға дайын жүреді... Ол – тромбоциттер, қан жасушаларының доноры.

Тромбоциттер донорының айырмашылығы неде? Плазма тапсырылған кезде одан плазманың бір бөлігі бөлінгеннен кейін қан бірден донордың организміне қайтарылады. Тромбоциттерді тапсыру кезінде донорлық қаннан тек тромбоциттер шығарылады, ал қалған қан компоненттері донорға қайтарылады. Тромбоциттерді беру процедурасы бір жарым сағатқа созылады.

Мәди Болатұлы ерікті және өтеусіз донорлықтың қажеттілігі туралы әріптестеріне және арнайы пәннен сабақ беретін топ оқушыларына айтады.

Біздің әдеттегі «Қалай донор болдыңыз?»-деген сұрағымызға, ол өзінің жақындары мен әріптестерінің арасында донорлардың жоқ екендігін және ол адамдарға «өз жүрегінің қалауымен, жан тәнімен» көмектесе бастағанын айтады және біреу мұны бәрібір істеуі қажет қой!-деп жауап береді.

«Қаншалықты көп адам донор болса, соншалықты жақсы болар еді!»- дейді ол.

Әрине, жақсы болар еді!

Игілікті іс жасап жатырсыз, шебер!

Деніңізге саулық тілейміз, біз сізді тағы да күтеміз!

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru