ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock_kos@med.mail.kz, Ock1@yandex.kz

Қымбатты ханымдар!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай облыстық қан орталығы «Леди-Донор» байқауын жариялайды!

Байқаудың шарттары:

1. Акция кезеңінде, яғни 2021 жылғы 22 ақпаннан бастап 26 ақпан аралығындағы жұмыс күндері мен сағаттарында біздің қан орталығына және 25 ақпан күні Рудный қаласына келуіңіз керек.

2. Қан немесе оның компоненттерін өтеусіз тапсыру (денсаулық жағдайына байланысты қан беруден шеттетілген келушілер байқауға қатыса алмайды) қажет.

3. Донация кезінде немесе донациядан кейін Сізге қан орталығында суретке түсіп, фотосуретті және Сіз не себепті донор болғаныңыз туралы әңгімені Whats App 87775097844 нөміріне жіберуіңіз қажет.

4. Байқау шарттарына сәйкес келетін фотосуреттері бар барлық әңгімелер біздің ресми сайтымыздың (Қостанай облыстық қан орталығы — http://donor-kostanay.kz/ru/.) басты бетіне көшіріледі, сол жерде 2021 жылғы 01 наурыздан бастап онлайн дауыс беру өткізіледі.

5. Дауыс беру 2021 жылғы 03 наурыз күнгі сағат 13.00-ге дейін жүргізіледі.

6. Жарияланымдары (фотосурет емес) көп дауыс жинаған қатысушы байқаудың жеңімпазы және «Леди–Донор» атағының иегері болады. Тек бір кандидатқа және бір рет қана дауыс беруге болады.

7. Жеңімпазды тәтті сыйлықпен марапаттау Халықаралық әйелдер күні қарсаңында 4 наурыз күні Рудный қаласында, 5 наурыз күні Қостанай қаласында өткізіледі.

Байқауға қатысты барлық мәселелер бойынша 87775097844 (Антонина), 8(7142)266-274 (донорларды жинақтау бөлімі) телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін хабарласа аласыздар.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru