ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а. Электрондық пошта мекенжайы: ock1@yandex.ru

ҚАН ҚАЖЕТ!

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК бүгінгі күні Қостанай облысының стационарларында емделіп жатқан пациенттерге резус факторы теріс Rh (-) барлық топтың донорлық қаны қажет екендігін хабарлайды.

Барлық бей-жай қарай алмайтын ниет білдірушілер қан тапсыру үшін жеке куәліктерімен Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық қан орталығы» КМК-на (жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін) хабарласуын сұраймыз.

Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен қан орталығының сайтында танысуға болады: http://donor-kostanay.kz, бөлім/«ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті.

Сондай-ақ, донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес беріледі: (8-714-2)-266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122).

Әрбір дені сау адамның жасай алатын сыйлығы - ӨМІР!

Ғылым докторымен кездесу

Қан орталығы қызметкерлерінің «Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталығы» ФМБМдәрігерлерді жетілдіру институтының медицина ғылымдарының докторы, трансфузиология және қан құю проблемалары кафедрасының доценті Сергей Русланович Мадзаевпен кездесуі өтті. 

Ғалым ОҚО жұмысымен, қолданылатын құрал-жабдықтармен, шығарылатын қан компоненттерінің құрылымымен, кәсіпорынның болашаққа арналған жоспарымен танысты.

Содан соң С. Р. Мадзаев ОҚО ұжымымен кездесіп, өзінің ғылыми жұмыстарынан слайдтар көрсетті.

Қызметкерлер қан компоненттерін, атап айтқанда, патогенді биологиялық агенттердің репродукциясын тоқтатуға бағытталған тромбоциттерді өңдеу технологиясы бойынша плазма және басқа да қан компоненттерінің инфекциялық зақымдану қаупін төмендету; серонегативтік терезе кезеңінде жұқтыру мүмкіндігін болдырмау; бұрын тестіленбеген патогендерді қорғау және жұқтырудың алдын алудың соңғы деректерімен танысты.

Қызметкерлер бар ынталарымен тыңдап, сұрақтар қойды, оларға медицина ғылымдарының докторы нақты және толық түрде жауап берді.

ОҚО директоры Е. Иосипенко қызметкерлердің атынан Сергей Руслановичке нәтижелі кездесу үшін алғыс айтып, ағымдағы жылдың қараша айында өтетін трансфузиологтар қоғамының отырысына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде, ғылым докторы С. Р. Мадзаев әріптестерімен, атап айтқанда, РФ бас трансфузиологы Е.Б. Жибуртпен келіп, облыстың клиникалық трансфузиологтарымен оқыту семинарын өткізуге уәде берді.

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-17.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru