ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а. Электрондық пошта мекенжайы: ock1@yandex.ru
  • Главная
  • Қостанай қаласы мектептерінің 5-9 сынып оқушылары арасындағы «Мен- болашақ донормын!Мен-еліміздің болашағымын!» тақырыбындағы сурет байқауы

МАҢЫЗДЫ!
ЖАҢА ҚЫЗМЕТ!
Құрметті донорлар!

Облыстық қан орталығының (ОҚО) басшылығы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында хабарлайды:

ОҚО қызметкерлерінің шақыруы бойынша плазмасы карантиндегі донорлардың бақылау зерттеулерінен (талдауларынан) өту үшін:

сіз үшін емшара кабинеті жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін тексерулерден, талдаулардан өту үшін қан тапсырғысы келетін пациенттердің назарына: сіз үшін емшара кабинеті бұрынғы режимде жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін жұмыс істейді.

Анықтама үшін байланыс телефондары жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін.

8-714-2-26-62-74 -донорлық бөлім;

8-714-2-21-09-69 бақылау зерттеулері, талдау мәселелері бойынша донорларға арналған карантиндеу залы;

8-714-2-26-63-06 – ОҚО қабылдау бөлмесі.

Сіздерді ОҚО-на шақырамыз! Біздің мекен-жайымыз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А. Күзетшіге жеке басты куәландыратын құжатты көрсете отырып, орталық кіреберіс арқылы өтесіз!

Қостанай қаласы мектептерінің 5-9 сынып оқушылары арасындағы «Мен- болашақ донормын!Мен-еліміздің болашағымын!» тақырыбындағы сурет байқауы

«Облыстық қан орталығы» КМК 2019 жылғы 15 сәуірден бастап 2019 жылғы 13 мамырға дейінХалықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Мен - болашақ донормын! Мен - еліміздің болашағымын!» атты тақырыпта сурет байқауын жариялайды.

1. Жалпы ережелер

1.1.«Мен - болашақ донормын! Мен-еліміздің болашағымын!» сурет байқауының (бұдан әрі мәтін бойынша – Байқау) ережесін «Облыстық қан орталығы» КМК (бұдан әрі - Ұйымдастырушы) әзірледі.

1.2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу демократия, гуманизм, жалпы қол жетімділік, жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркін дамуы, конкурсқа қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидаттарына негізделген.

2.Сурет байқауының мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты: донорлық резервті қалыптастыру мақсатында өскелең ұрпақ арасында ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту, жастарды он сегіз жасқа толғаннан кейін донорлар қатарына тарту.

Байқаудың мәні: «Мен - болашақ донормын! Мен - еліміздің болашағымын!» тақырыбындағы балалардың салған суреттері.

2.2. Байқауды ұйымдастырушының міндеттері:

- сурет салу байқауын ұйымдастыру және өткізу;

- байқауға барынша көп қатысушылардың қатысуын қамтамасыз ету;

- қатысушылардың жұмысын бағалау үшін білікті қазылар алқасының жұмысын ұйымдастыру;

- байқауды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

- байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына қажетті жүлделер санын сатып алу.

3. Байқауға қатысатын жұмыстарды ресімдеу бойынша жалпы ереже

3.1.Суреттер ата-аналардың немесе педагогтардың көмегінсіз орындалуы тиіс және кері жағынан қол қойылуы тиіс: автордың Т.А.Ә., жасы, сыныбы, мектебі, ұялы телефон нөмірі (ата-аналардың біреуіне рұқсат етіледі).

3.2. Суреттерді кез келген материалда (ватман, картон, кенеп және т.б.) және кез келген сурет салу техникасында (май, акварель, тушь, түрлі-түсті борлар және т.б.) орындауға болады.

3.3. Жұмыстың көлемі А4 форматынан кем болмауы тиіс.

3.4. Байқауға бір қатысушының ұсынған жұмыстарының саны 2-ден аспауы тиіс.

3.5. Байқауға ұсынылған барлық жұмыстар «Облыстық қан орталығы» КМК-ның меншігі болып қалады.

4. Байқауға қатысуға өтінім беру тәртібі

4.1. Қатысушылар-қаланың білім беру мекемелері (мектептер), 5-9 сынып оқушылары.

4.2. Қостанай қ., Быковский көшесі, 4 А мекен-жайы бойынша «Облыстық қан орталығы» КМК тіркеу бөліміне әкелінген немесе Сіздің мектебіңіздің қабылдау бөлмесінде қалдырылған сурет Байқауға қатысуға өтінім болып табылады.

4.3. Барлық өтінімдерді байқауды ұйымдастырушы қатысушылардың жұмыстарына қойылатын және осы Ереженің 1.2, 3.1, 3.2,3.3-бөлімдерінде көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексереді және бағалау үшін қазылар алқасының мүшелеріне береді.

4.4. Байқауға қатысуға өтінімдер 2019 жылғы 15 сәуірден 2019 жылғы 13 мамырға дейін қабылданады.

4.5. Байқауға қатысу үшін келіп түскен өтінімдер байқауды өткізудің барлық кезеңі ішінде жарамды деп танылады.

5. Байқаудың қазылар алқасының жұмысы

5.1. Байқаудың қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушы анықтайды.

5.2. Бағалау критерийлері:

- суреттің мазмұндылығы және тақырыпқа сәйкестілігі;

- идеяның өзіндік ерекшелігі;

- шығармашылық ой.

5.3 Қазылар алқасы жазбаларды бағалайды және байқаудың: «Қан - өмірдің қайнар көзі!», «Қаһарман-донор!», «Біріксек, біз алмайтын қамал жоқ!» деп аталатын әрбір санатындағы жеңімпазды анықтайды.

6. Байқаунәтижелері

6.1. Байқаудың нәтижелерін ұйымдастырушы байқаудың қорытындысын шығарған күннен бастап бес күн ішінде өзінің ресми сайтында жариялайды.

6.2. Байқау жеңімпаздары

Байқау жеңімпаздары 2019 жылы 24 мамырда сыйлықтар мен дипломдармен марапатталады. Марапаттау рәсімінің орны мен уақыты туралы қосымша жарияланатын болады.

7. Қорытынды ережелер

Байқауға жұмыстарды беру авторлардың және олардың заңды өкілдерінің байқау шарттарымен келісімін білдіреді. Байқауға қатысу үшін берілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Ұйымдастырушы жарнама проспектілерін, буклеттерді және т.б. жасау үшін жұмыс авторын көрсете отырып жұмыстарды пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

Байқауға қатысты қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі 8777509844 (Антонина) бойынша алуға болады.

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru