ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а. Электрондық пошта мекенжайы: ock1@yandex.ru
  • Главная
  • «Істі кейінге қалдыра тұр - өмірді сақта!» акциясын өткізу туралы

МАҢЫЗДЫ!
ЖАҢА ҚЫЗМЕТ!
Құрметті донорлар!

Облыстық қан орталығының (ОҚО) басшылығы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында хабарлайды:

ОҚО қызметкерлерінің шақыруы бойынша плазмасы карантиндегі донорлардың бақылау зерттеулерінен (талдауларынан) өту үшін:

сіз үшін емшара кабинеті жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін тексерулерден, талдаулардан өту үшін қан тапсырғысы келетін пациенттердің назарына: сіз үшін емшара кабинеті бұрынғы режимде жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін жұмыс істейді.

Анықтама үшін байланыс телефондары жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін.

8-714-2-26-62-74 -донорлық бөлім;

8-714-2-21-09-69 бақылау зерттеулері, талдау мәселелері бойынша донорларға арналған карантиндеу залы;

8-714-2-26-63-06 – ОҚО қабылдау бөлмесі.

Сіздерді ОҚО-на шақырамыз! Біздің мекен-жайымыз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А. Күзетшіге жеке басты куәландыратын құжатты көрсете отырып, орталық кіреберіс арқылы өтесіз!

«Істі кейінге қалдыра тұр - өмірді сақта!» акциясын өткізу туралы

Мемлекеттік қызметшілер өтеусіз қан доноры болады.

Мемлекеттік саясатты дәйекті түрде жүзеге асыру, өзінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін бекіту, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтау және нығайту. Бұл талаптар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген және «Қостанай қаласының әкімдігі» ММ басшылығы мен қызметкерлерінің игі іс-әрекетіне толық көлемде сәйкес келеді.

Жыл сайын дәстүр бойынша «Қостанай қаласының әкімдігі» ММ қызметкерлері Мемлекеттік қызметші күніне орайластырылған «Істі кейінге қалдыра тұр - өмірді сақта!» көшпелі акциясын ұйымдастырады. Мұндай акция 2019 жылғы 21 маусым күні мемлекеттік мекеменің қызметкерлері үшін тағы өткізілді.

«Бұл акция адамдардың көпшілігі өз қанын өз еркімен және үнемі тапсыруына, зардап шеккендердің денсаулығын сақтауға көмектесуге шақыру болып табылады. Көп донор болса - құтқарылған өмір де көп болады!» - дейді Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Вера Витальевна Клочко.  Ал біз – дені сау адамдар да көп болады дегенді қосқымыз келеді. Донорлар - адамгершілік пен ақжүректікті көрсететін дені сау адамдар.

Денсаулықты сақтау оңай емес. Ал қан донациясы сияқты іс-әрекетке бару үшін моральдық және физикалық тұрғыдан дайындалу керек. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысы аса зор зейінділікпен, жинақылықпен және шекті ұқыптылықпен байланысты. Дегенмен, донорларды жинақтау бөлімінің деректері бойынша акцияға қатысуға ниет білдірген адам саны 44 болды, олардың барлығы донор бола алмады, тек 31 адам ғана қан тапсыруға жіберілді.

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru