ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock1@yandex.ru, ock_kos@med.mail.kz

ДОНОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Облыстық қан орталығының қызметкерлері шақырған (телефон және SMS арқылы) донорлардың бақылау тексерістері жұмыс күндері сағат 8.00-ден16.30-ға дейін жүргізіледі.

Еліміздің болашағы – жастар!

Жас, дені сау және жігерлі адамдарға неге донор болмасқа? Неге оларға өз денсаулығына қамқорлық жасап, белсенді өмір салтын жүргізіп, үйлестірілген тамақ ішіп, ойластырылған күн тәртібімен жүрмеске? Жастардың денсаулығына демография да байланысты – ол кез келген мемлекеттің негіздерінің, оның ішкі және сыртқы экономикасы мен саясатының дамуының негізі.

2018 жылдың қазан айындағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген болатын: «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын».

Одан әрі өз сөзінде Н. Назарбаев денсаулықтың 10-15 пайызы ғана медицинаға байланысты екенін айтып, жас қазақстандықтардың денсаулық жағдайына алаңдаушылығын білдірді.

Елбасы бастамасын қолдаған саяси ғылымдар кандидаты М. Нұрғалиеваның сөзінен: «Бүгінгі күні дәл осы жастар - жаңғыртудың ең маңызды ресурстарының бірі. Бұл қоғамның ең прогрессивті бөлігі. Не себепті қазақстандықтардың дәл осы жас буынына үлкен үміт пен күту жүктелетіні айтпаса да түсінікті. Қазақстандағы жастар жылы деп жарияланған 2019 жыл жастар саясатын одан жандандыра түседі».

Медициналық қызметкерлер де жастарға үлкен үміт жүктейді және оның ішінде қан орталығы да.

Қан орталығындағы донорларды жинақтау бөлімінің қызметкерлері жастармен, ЖОО мен АООО студенттерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.

2019 жылғы 23 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 27 қыркүйекке дейін Қостанай гуманитарлық, құрылыс, индустриялық-педагогикалық, жоғары медициналық колледжінде және Челябі мемлекеттік университетінің Қостанайдағы филиалында әңгімелесулер мен сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді, білім алушылар саны 250 адамды қамтыды.

Сабақтардың тақырыптары жастардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырды: он сегіз жасқа толған студенттермен жастар арасында: «Мен - донормын! Мен елімнің болашағымын!» атты тақырыптағы ерікті өтеусіз донорлықты дамыту бойынша жастарға қатысты мемлекеттің жүргізіп отырған реформалары туралы әңгіме өткізілді. Ал мүлдем жастарға донор деген кім, қалай өз денсаулығына зиян келтірместен басқа адамға көмектесуге болатыны туралы айтылды. Донорлықтың қауіпсіздік мәселелері, салауатты өмір салтын және белсенді өмірлік саясатты ұстану қажеттілігі түсіндірілді.

Жастар үндемей қалған жоқ, белсенді түрде сұрақтар қойды. Әсіресе қызығушылық тудырған сұрақтар: «Бір донор бір мәрте қан тапсырғанда қанша адамның өмірін құтқара алады? Бүкіл өмірінде ше? Мемлекет қан тапсырғаны үшін қанша күн демалыс береді және ол қалай төленеді?».

Қан донорлығына қарсы көрсеткіштері жоқ барлық студенттер мен оқытушылар ОҚО-на қан тапсыруға шақырылды.

                     

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru