ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а. Электрондық пошта мекенжайы: ock1@yandex.ru

ҚАН ҚАЖЕТ!

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» КМК бүгінгі күні Қостанай облысының стационарларында емделіп жатқан пациенттерге резус факторы теріс Rh (-) барлық топтың донорлық қаны қажет екендігін хабарлайды.

Барлық бей-жай қарай алмайтын ниет білдірушілер қан тапсыру үшін жеке куәліктерімен Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А мекенжайы бойынша орналасқан «Облыстық қан орталығы» КМК-на (жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін) хабарласуын сұраймыз.

Донор болуға тілек білдірген адамдарға қойылатын талаптармен, сондай-ақ донорлыққа қарсы көрсетілімдермен қан орталығының сайтында танысуға болады: http://donor-kostanay.kz, бөлім/«ДОНОРЛАРҒА» қосымша беті.

Сондай-ақ, донорлық мәселелері бойынша Сізге мына телефондар бойынша кеңес беріледі: (8-714-2)-266-274 (донорлық бөлім); қабылдау бөлмесі: (8-714-2)-266-306, (қосымша 122).

Әрбір дені сау адамның жасай алатын сыйлығы - ӨМІР!

Даналық пен кемелдену күні

Үлкендерге деген құрмет қазақстандық қоғамдағы  ежелден ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан дәстүр болып саналады. Қазақстанда  жыл сайын 1-қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күні осы дәстүрді, үлкендерге деген ерекше көңіл бөлу мен сүйіспеншілікті нағыз мерекеге айналдыруға мүмкіндік береді., себебі біз сол кісілердің арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Облыстық қан орталығында «Алтын күз» мерекесі болып өтті.

Қан орталығының директоры - Иосипенко Елена Степановна: «Даналық пен кемелдік күні, өмірлік тәжірибе күні, жетілген сұлулық пен рухани жастық күні, немерелерден алғыс алған күн, жылдарға тағзым ету күні, самайын алтын қырау шалған күн» – деп бұл мерекені өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

Қадір-қасиетіне қарай даңққа, беделге және құрметке ие болған қадірлі қонақтарды фойеде қарсы алды. Шақырылғандар жас ерекшелігімен мүлде санаспай – сәнді киінген, көңілді, сергек көңілмен қазіргі жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді жарқын жүздерімен қуаттады, сыйлықтарға және оларға көңіл-бөлгенге қатты қуанды, өйткені олардың өмірінде мұндай қуанышты оқиғалар тіпті де көп емес.

Мерекелік дастархан үстінде қан орталығының басшылығы мен қазір жұмыс істеп жүрген қызметкерлер де, шақырылған ардагерлер де өздерінің игі тілектерін айтты.

«Жоқ, біз Сіздермен келесі 1-қазанға дейін бір жылға қоштаспаймыз, біздің есігіміз Сіздер үшін әрқашан ашық, бізге келіп тұрыңыздыр!» - деді қан орталығының директоры - Иосипенко Елена Степановна.

Аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі мен даналығы әрқашан жастардың іс-әрекетіне негіз бола берсін!

 

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-17.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru