ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ – 8 (7142) – 21 – 12 – 89
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский к, 4а. Пошта: ock1@yandex.ru, ock_kos@med.mail.kz

Ержанов Тлеухан Нурканович

Ержанов Тлеухан Нурканович - 2013 жылдан бері 17 донация.

Қостанай облыстық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтының басқа да көптеген студенттері сияқты, Тлеухан Нурканович 18 жасынан бастап донор болды.

Сол кезде ЖОО-ның негізгі ғимаратының есіктерінеқызыл лента ілінген бөлмелерінде Қарағанды қан құю станциясының көшпелібригадасы орналастырылды, көмек те көрсетіп, қанның тобын да анықтап, сабақтан босататын анықтаманы да алу үшін оған бармайтын студент сирек кездесетін.

Кейіпкеріміздің донорлығы осылайшабасталған болатын,сол кездегі донорлық туралы алғашқы анықтамасынол осы күнге дейін сақтаған екен (фото).

Қазір Ержанов Тлеухан Нурканович - жоғары біліктілік санатындағы анестезиолог-дәрігер, ауруханада да, санавиация көшпелі бригадасында да жұмыс істейді, облыстыңбарлық науқастарына көмек көрсетеді.

Дәрігер науқас үшін операцияныңауыртпалықсыз және қауіпсіз өтуіне жауап береді. Оның жұмысы операция басталардан біраз уақыт бұрын басталады - науқастың денсаулығының жай-күйіне байланысты ауруды басатын дәрілердің құрамы мен мөлшерін таңдайды, науқасты тексеріп, операция алдында онымен сөйлеседі. Доза қауіпсіз де, жеткілікті де болуы керек. Ал анестезиологтың өзі адамғанаркоздың енгізіліп және одан шығарылуын қамтамасыз ететін жаңа құралдар мен дәрі-дәрмектердің пайда болуынан үнемі хабардар болуы керек. Арнайы құрылғылардың көмегімен ол операциядан кейінгі кезеңде науқастың денсаулығын бақылап отырады.

Ол отбасындағы жалғыз дәрігер емес - ағалары да дәрігерлер болып қызмет атқарады, біздің кейіпкеріміздің ұлы - тамырлық хирург, Алматы қаласында жұмыс істейді.

Ол өз бөлімінің қызметкерлерінің көпшілігін «донорлыққа» тартты, жүрек қалауымен қан тапсырады –себебі адамдарға көмектесу керек!

Бос уақытында - дәрігер әуесқой автомобильшігеайналады, бұл оның «алданышы». Ал көлікті ол асықпай, жайбарақат жүргізеді, жол ережелерін қатаң сақтайды. Жолдардағы желікпеліктіңқандай қайғылы жағдаймен аяқталатынынол білмегенде кім біледі, тіпті жол апатынан зардап шеккен өз науқастары үшін де бірнеше рет қан тапсырған...

Биыл біздің кейіпкеріміз өзінің мерейтойын атап өтпекші!

Сізге және сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық тілейміз, құрметті донор-дәрігер!

    

   

   

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru