ok
ml
fb
fb
Телефондар – 8 (7142) 26 – 63 – 06 (қабылдау бөлмесі), 8 (7142) 26 – 62 – 74 (тіркеу бөлімі)
Мекенжай: Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а. Электрондық пошта мекенжайы: ock1@yandex.ru
  • Главная
  • 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен!

МАҢЫЗДЫ!
ЖАҢА ҚЫЗМЕТ!
Құрметті донорлар!

Облыстық қан орталығының (ОҚО) басшылығы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында хабарлайды:

ОҚО қызметкерлерінің шақыруы бойынша плазмасы карантиндегі донорлардың бақылау зерттеулерінен (талдауларынан) өту үшін:

сіз үшін емшара кабинеті жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін тексерулерден, талдаулардан өту үшін қан тапсырғысы келетін пациенттердің назарына: сіз үшін емшара кабинеті бұрынғы режимде жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін жұмыс істейді.

Анықтама үшін байланыс телефондары жұмыс күндері сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін.

8-714-2-26-62-74 -донорлық бөлім;

8-714-2-21-09-69 бақылау зерттеулері, талдау мәселелері бойынша донорларға арналған карантиндеу залы;

8-714-2-26-63-06 – ОҚО қабылдау бөлмесі.

Сіздерді ОҚО-на шақырамыз! Біздің мекен-жайымыз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4А. Күзетшіге жеке басты куәландыратын құжатты көрсете отырып, орталық кіреберіс арқылы өтесіз!

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен!

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Облыстық қан орталығында «Леди - Донор» байқауы өтті. Осы күнге арналған акция сүйіспеншіліктің, сұлулық пен мейірімділіктің әнұраны болып табылады.

6 жас және өте әдемі әйел байқаудың барлық шарттарын орындап, қан тапсырды, Облыстық қан орталығының (ОҚО) қабырғасында суретке түсті және не себепті донор болғандарын баяндап, құрметті атақ үшін күрескенін айтып берді.

ОҚО ресми интернет-ресурсында бірнеше күн бойы жеңімпаздарды анықтаған тәуелсіз дауыс беру жүргізілді. 809 дауыс (50%) жинаған Самойлова Яна Руслановна жеңімпаз болып танылды; екінші құрметті орындағы – Королева Галина Александровна – 503 дауыс (31,1%) жинады және жеңімпаздардың үштігін – Крячек Алефтина Сергеевна - 219 дауыспен (13,5%) аяқтады. Барлығы 1619 адам дауыс берді.

7 – наурыз күні 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған ОҚО ұжымының салтанатты жиналысы барысында жеңімпаздарға демеушілерден сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаз тәжі Самойлова Яна Руслановнаға берілді.

ОҚО қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен, тәтті сыйлықтармен және гүлдермен марапаттады, ал ОҚО ұжымының ерлері мерекелік концерт дайындады.

Кәсіпорын, ұйым басшыларына жеке айтқымыз келеді! Донорларды марапаттау арқылы Сіз ұзақ мерзімді салым жасайсыз - әлемде донорлық қанды алмастыратын ешнәрсе жоқ. Донорлықты көтермелей отырып-  Сіз салауатты өмір салтын насихаттайсыз (донорларға зиянды әдеттерден алшақтауға тура келеді), басқа адамның қайғысына қайырымдылық пен жанашырлық танытуға тәрбиелейсіз.

Байқаулар мен акцияларды өткізу – ОҚО-ның жалғыз жұмысы емес, және ол «түртіп қою» үшін ғана өткізілмейді. Біз өмірде ерлікке әрқашан орын бар екенін, мысалы, донор бола отырып жақсы істерді күн сайын жасауға болатынын айта бергіміз келеді.... Ал әдемі жас әйелдер игі істерге ат салысатын болса – бұл барлығына: туыстарына және жақындарына, әріптестеріне, көршілеріне және жай ғана адамдарға жақсы болар еді.

ОҚО басшылығы мен ұжымы байқау жеңімпаздарын құттықтап, барлық ниет білдірушілерді қан тапсыруға шақырады!

Байқау оқиғасы мұнымен аяқталмайды. Біздің ресми интернет-ресурсымыздан жаңалықтарды мұқият оқып отырыңыздар!

Алда жаңа байқаулар, жаңа жеңістер, жаңа сыйлықтар! Бізге келіңіздер! Біздің байқауларға қатысыңыздар!

Достық сайттар

Министерство здравоохранения Республики Казахстан

 

Управление здравоохранения КО

 

astana rgp ru

Достық сайттар

blood1

 knf

Жұмыс уақыты

time8.00-13.00 -
Донорларды қабылдау (Дс-Жм)

8.00-16.30 -
Ақылы қызметтер(Дс-Жм)


ҚР Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4 «А»

Қабылдау бөлмесі: 26-63-06

Донорларды жинақтау бөлімі: 8-7142-26-62-74

Біз ұсынамыз

 kmtlc

 kmtlc

 

fms ru