Print this page

Қостанай, Рудный қалаларындағы донор күндері

Көшпелі іс-шараны:

8 қазан күні: Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 181, «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК корпусы, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;

10 қазан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Комсомольский к-сі, 51 мекенжайы бойынша, «Рудный қалалық ауруханасы» КМК корпусы, 2-қабат, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;

11 қазан күні: Қостанай облысы, Рудный қ., Горняков к-сі, 5 мекенжайы бойынша, «ҚР ІІМ Қостанай облысының Полиция департаменті Рудный қаласы Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің корпусы, сағат 9.00-ден 13.00-ге дейінөткізу жоспарланып отыр.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша (30.09.-4.10.2019ж.) донорлыққа қатысуға 205 адам ниет білдірді, қан тапсырған донорлар саны – 148, донорлықтан босатылғандар саны - 57.

Барлық қан тапсыруға ниет білдірушілерді және қан тапсыруға қарсы көрсеткіштері жоқ адамдарды келесі көрсетілген мекенжай бойынша облыстық қан орталығында күтеміз: Қостанай қ., Быковский к-сі, 4а. Мына автобустар жүреді: №№10, 19, 24, 25, «Облыстық балалар ауруханасы» аялдамасы.

Тек адам ғана донор бола алатынын есте сақтаңыздар!